«Жүректен жүрекке»

«Жүректен жүрекке»

«Күміс университет» жобасы аясында «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері(4102, 4114) ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенттерінің басшылығымен Берсимбекова Г.Б. және Канапиянова Г.Б. Абай ауданы бойынша «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жанұя орталығы» КММ қамқорлыққа алынғандар үшін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шара өткізді. Университет студенттері әйелдерге арналған ән мен биден тұратын концерттік бағдарлама дайындады. Олардың басты мақсаты – көктемнің тамаша мерекесіде жылы лебіздерін білдіріп, құттықтаулар мен алғыстарын білдіру. Сондай-ақ студенттер құттықтаулар мен ойындар дайындады. Ең жақсы сыйлық, олардың ойынша, студенттердің оларға берген эмоциялары, назары мен жылуы. Сондықтан студенттер бұл кешті «Жүректен жүрекке» деп атады. Әйел – баланың ғана емес, жердің де, халықтың да анасы. «Ұлы да анадан туады» деп бекер айтпаған; «Әйелден данышпанның өзі туады»; «Тектілік асыл, бірақ асылдық анадан туған». Дәл осы тамаша мерекеде біз әйелдердің ең алдымен «ана» болғанына риза екенімізді сезінуін қаладық. Ал, университетімізде зерделі ғана емес, сондай-ақ өнерлі, әрі жүрегі кең студенттердің барына өте қуаныштымыз.

Рубрикалар: Мерекелер