2024 жылдың 6-7 ақпанында Абай облысы Ақсуат ауданындағы мектептерде қабылдау комиссия және MF бөлімінің әдіскері Ажарова А.Қ мен молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Галымбеков Д.Ж. кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның 7 білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды дайындау, бакалавриатқа түсу, шекті балл, психометриялық түрдегі арнайы емтиханды тапсыру туралы толық ақпаратпен имидждік бейнеролик және презентация көрсетілді.
Оқушылар берілген ақпаратқа үлкен қызығушылық танытып, белсене қатысты. Құжаттарды қабылдау, оқу мерзімі, гранттар, ақылы оқудан грантқа ауысу мүмкіндігі, шәкіртақы, жатақханамен қамтамасыз ету, төлем мөлшері, оқуға түсу мәселелері бойынша және т.б. сұрақтар қойылып жан-жақты жауап алды. Оқушыларға брошюралар таратылып, «Семей медицина университетінің» КеАҚ артықшылықтарымен таныстырылды. Оқушылар университет туралы ақпаратты зор ынтамен тыңдап, кейбір мектеп оқушылары біздің университетке түсуге ниет білдірді.