Физиологиялық пәндер кафедрасы «Күміс Университеті» жобасы

Физиологиялық пәндер кафедрасы «Күміс Университеті» жобасы

«Күміс Университеті» жобасы аясында КеАҚ «Семей Медициналық университеті», ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер  кафедрасының меңгерушісі Рахыжанова С.О. және оқытушы Шакабаева А.А жоспарға сәйкес 8- Наурыз  Халықаралық әйелдер күніне орай қалалық деңгейде мерекелік іс-шара өткізді.

Мерекелік іс-шарамыздың қадірменді қонағы болып, облыстық «Достық үйі» және «Ахау- Семей» қоғамдық бірлестігінен келген ардагер апаларымыз және кафедра ұжымы, студенттер қатысты.

Мерекелік іс-шара мақсаты: ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, аға ұрпаққа мейірімді, құрметпен қарауды қалыптастыру, ата-әжелерімізге жағымды, мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Ардагер апаларымыз өмір жолындағы қызықты естеліктерімен бөлісіп, ақыл-кеңестері мен ізгі-ниеттерін білдірді.

«Күміс Университеті» жобасының басты мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, жастар арасындағы қарым- қатынасты жетілдіру, әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.

Рубрикалар: Қоғамдық өмір