Физиологиялық пәндер кафедрасындағы визитинг-профессордың онлайн дәріс циклі

Физиологиялық пәндер кафедрасындағы визитинг-профессордың онлайн дәріс циклі

2024 жылдың 3-ші наурызынан 11-ші наурыз аралығында ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасында  «СМУ» КЕАҚ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқитын 2 курс студенттеріне Кемерово ММУ Н.А.Барбараш атындағы қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, профессор, медицина ғылымдарының докторы  Д.Ю. Кувшинов «Физиология» пәні бойынша шақырылған профессордың онлайн дәріс циклі өтті. Дмитрий Юрьевич Кувшинов келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқыды: Жүрек бұлшықетінің физиологиялық қасиеттері. Жүректің өткізгіш жүйесі; Жүрек циклі және жүректің айдау қызметі; Жүрек шығару, веноздық қайтарылым. Гемодинамика принциптері; ЭКГ әдісінің физиологиялық негізі; Жүрек қызметін реттелуі.

Дәріс циклі аяқталғаннан кейін тыңдаушылардан кері байланыс алынды, олар алған білімдеріне қанағаттанды және басқа коммити бойынша осы форматта дәріс тыңдауға ниет білдірді. Біздің кафедраның меңгерушісі Рахыжанова С.О. медицина ғылымдарының докторы Д.Ю.Кувшиновқа «Жүрек-тыныс алу жүйесінің физиологиясы» коммитиі бойынша дәріс оқығаны үшін алғысын білдіреді.

Рубрикалар: Оқу процесі