Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылдың 28 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласының  «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ оқушыларына Семей медицина университетімен таныстыру мақсатында  кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Университеттің атынан СМУ КеАҚ Өскемен қаласы филиалының декан орынбасары Аймухамбетов Е.Н., балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Саменова Н.Е. және «Жалпы дәрігерлік тәжірибе» мамандығы бойынша 6 курс дәрігер- интерндары 633 топтан: Алтаева А.Е., Оралбекова Б.О., Жұмакелді Н.Ж., Қайратова А.Қ., Қизатолданова А.Е., Нұрғазина А.Д., Бейсенгазин Б.Е.,  632 топтан: Мерғали А.Ғ., Талғатқызы А., Махмутханов Д.Н. белсенді қатысты. Кездесу барысында студенттер өз мамандықтарының барлық пайдалы қырларымен таныстырды. Мамандықты оқу барысындағы алған тәжірибелерімен, олардың ұтымды жақтары және болашақтағы осы бағдардағы қызметте жұмыс жасау , өсу мүмкіндіктерімен бөлісті. Шара барысында оқушыларға Семей медицина университетке түсу үшін қандай дайындықтардан өту керегі баяндалды.

Шара соңында оқушылар түрлі  мамандықтармен танысып, сұрақтарына жауап алу арқылы пайдалы ақпарат алды.

Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының ассистенті Саменова Н.Е.