26.02.2023 ж. Қабылдау комиссиясының және Medical Foundation әдіскері С.А.Кайгелдинова Семей қаласындағы №9 ББ мектебінде 10-11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарың жүргізді.
Іс-шараның мақсаты: «Семей медицина университеті» КеАҚ-мен мектеп оқушыларын таныстыру және оқуға түсуге шақыру.
Семей медицина университетінің инфрақұрылымдық дамуы туралы презентация ұсынылды. Мектеп оқушылары «СМУ» КеАҚ-ның тарихымен және табысты қызметімен таныстырылды, білім беру бағдарламалары туралы ақпарат алды.
Презентация барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Әрбір оқушы қабылдау туралы толық ақпараты бар брошюра алды. Қорытындылай келе, бірнеше оқушы «СМУ» КеАҚ-ға түсуге ниет білдірді.