Қос ғылыми диссертация қорғалды

Қос ғылыми диссертация қорғалды

Бүгін Тайоразова Гүлнар Болатқызының 8d10102-Медицина мамандығы бойынша «Туа біткен пневмониясы бар шала туылған нәрестелердегі D дәрумені мен микроэлементтер тапшылығының клиникалық – болжамдық ерекшеліктері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғауы өтті.
Зерттеу жұмысы неонатологияның өзекті мәселелерінің біріне арналған.
Перинаталдық және неонаталдық өлім-жітімді және одан кейінгі сырқаттану деңгейін төмендету қазіргі заманда денсаулық сақтаусаласындағы басты міндеттерінің бірі.
Диссертацияның ғылыми тұрғыдағы сонылығы бірқатар бағалаулар мен факторлардан тұрады. Осылайша алғаш рет туа біткен пневмониямен ауыратын шала туылған нәрестелердегі D дәрумені мен микроэлементтердің жетіспеушілігін кешенді бағалау жүргізілді, алғаш рет микроэлементтердің ерекшеліктері сипатталды, алғаш рет шала туылған нәрестелердегі туа біткен пневмонияның ауырлығын диагностикалау әдісі алгоритмі жасалды.
Сондай-ақ, бүгін Есенбаева Әсия Асхатқызының 8d10102 – «Медицина» мамандығы бойынша «Қазақ популяциясындағы COVID-19 иммуногенетикалық болжау» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған диссертациясын қорғауы өтті.
Соңғы бірнеше жыл ішінде коронавирус бүкіл әлемдегі денсаулық сақтаудың басты мәселелерінің біріне айналып отыр. Зерттеушілер алдынан коронавирус 2 (SARS-CoV-2) ауыр жедел респираторлық синдромының дамуының жаңа биомаркерлерін табу міндеті шықты.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері негізінде қазақ популяциясындағы COVID-19 ауыру барысының күрделілігін болжау алгоритмі әзірленіп, енгізілді. IL 10 rs1800872 полиморфизмін генетикалық тестілеу қазақ популяциясында COVID-19 күрделі ауыру барысына ұшырау қаупі жоғары пациенттерді анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының no36505 «Қазақ популяциясындағы COVID-19 ағымының ауырлығын диагностикалау тәсілі» патенті алынды.