Қысқы серуен

Қысқы серуен

2024 жылдың 9 наурызында шетел бөлімінің 1 курс кураторлары Ковалева Л.В., Шакирова Б.Т., Елкенова Б.З. шетелдік бөлімінің 1 курс студенттеріне Семей қаласындағы шаңғы базасына саяхат ұйымдастырды. Студенттер үшін бұл еліміздің табиғатымен алғашқы кездесу болды және өте жарқын әсер қалдырды. Көптеген шетел студенттері үшін қарлы ормандағы қысқы серуен өмірінде бірінші рет болды. Студенттер тюбингтермен,  қарда жүретін көліктермен сырғанады. Олар жергілікті балалармен достасып, әңгімелесіп, серуенді көңілді өткізді. Шаңғы базасында болған уақыт ішінде шетел студенттері күш-қуат пен көтеріңкі көңіл-күй алды. Студенттер мұндай серуендерді жылдың әр мезгілінде тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Л.В.Ковалева

Рубрикалар: Қоғамдық өмір