«Салауатты өмір салты туралы қысқаша»

«Салауатты өмір салты туралы қысқаша»

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша “Денсаулық – бұл ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, физикалық, рухани және әлеуметтік әл-ауқаттың жағдайы”. Біздің денсаулығымыздың 10% гендерімізге, 20%  өмір сүретін ортаға, тағы 10% денсаулық қорғау деңгейіне, ал қалған 60% салауатты өмір салтына негізделеді.

СӨС келесі негізгі элементтерді қамтиды: ұтымды еңбек және демалыс режимі, ұтымды тамақтану, оңтайлы қозғалыс режимі,жеке гигиена,зиянды әдеттерді және стрессті жою.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру аясында 2024 жылдың 11 наурызында № 23 және № 18 мектептердің 8-9 сынып оқушыларымен Өскемен қаласының ЖДТ кафедрасының ассистенті Ахметова Сажида Саутовнаның жетекшілігімен 729 топ интерні Әмірхан Шынар Жанібекызы “Салауатты өмір салты” тақырыбында әңгіме ұйымдастырды. Әңгімелесудің мақсаты оқушыларды салауатты өмір салты негіздерімен таныстыру, халықтың санитарлық мәдениетінің деңгейін арттыру, сауықтыру шараларын өткізу. Әңгіме барысында салауатты өмір салты негіздері туралы және ұстану жолдары туралы сөз қозғалды.

Рубрикалар: Оқушылар