Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары

13.03.2024 жылы профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының аға оқытушысы Букатов А.К. 4 курс 4127 топ студенттері Қосылбаев Ж., Қабылқаева А. бірге қаламыздың «Авиценна» жоғары медициналық колледжіне» кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша университетіміз жайлы ақпарат беріп қайтты.

Жиынға колледжде оқитын 2,3 курс мейірбикелік іс бөлімінің студенттері қатысты. Кездесу барысында университетте оқытылатын мамандықтар бойынша толық ақпараттар беріліп, университет сайтын қалай қолданып танысуға болатындығы түсіндірілді. Көптеген студенттер осы оқуын аяқтағаннан кейін медициналық униерситетте білімін жалғастырғанды  қалайтындықтарын айтты. Өз тарапынан студенттеріміз университетте оқудың ұтымды жақтарын және ПОҚ мықты маман екендері жайлы сондай-ақ кең бағытта мол мүмкіндіктерінің болатындығы жайлы атап өтті. Жеке сұқбат барысында қызыққан студенттермен сұрақ-жауап ретінде әңгіме жүргізілді.