8 наурыз көктемнің тамаша мерекесіне орай шетел кафедрасының кураторлары Елькенова Б.З., Ковалева Л.В., Шакирова Б.Т. 1 курс студенттеріне реликтті қарағайлы орманда белсенді демалыс ұйымдастырды. Студенттер атқа мініп, тау шаңғысымен сырғанап, қарда жүретін көліктермен орманды аралап, белсенді демалды. Демалыста ән айтып, би билеп, жергілікті жастармен достық қарым-қатынас орната білді. Таза ауа мен белсенді ойындар студенттерге жақсы әсер етіп, күш – қуатын арттырып, жақсы көңіл-күй сыйлады. Студенттер орманда серуендеуді дәстүрге айналдыруды ұйғарып, көктемде серуенді бүкіл курспен қайталауға ниет білдірді.
ҚР ҰҒА академигі Раисов Т.К. атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушысы Елькенова Б.З.