13.03.2024 жылы Өскемен қаласының Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында кафедра меңгерушісі ТемірхановаР.Б., кафедра ассистенттері Жүнісова М. Қ., Енсибаева Ш. Д., және 726 топ интерндерінің жетекшілігімен 7 курс интерндері арасында “Primus inter pares – Мықтылар арасында бірінші”олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты-7 курс студенттерінен оқу кезеңінде алған білімдерін бекіту және қорытындылау.
Олимпиада үш кезеңнен өтті: Бірінші кезең – блиц сауалнама, екінші кезең – Kahoot бағдарламасы арқылы тестілеу, үшінші кезең – ситуациялық есепті шешу. Олимпиадаға 7 курс интерндері қатысты. Үш кезең аяқталғаннан кейін әділ қазылар алқасы үшінші раундтың ұпайлары мен нәтижелерін ескере отырып, жеңімпазды таңдады. Жеңімпаздар: I орын – Құмаров Әлихан , II орын – Тәліп Сая, III орын – Оралғазин Еркебұлан. Олимпиаданың барлық жеңімпаздары грамоталармен және барлық қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
“СМУ” КЕАҚ филиалының директоры Айжан Құмарханқызы Мұқажанова қорытынды сөз сөйлеп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.