Абай ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

Абай ауданындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстары

2024 жылдың 11-12 наурызында қабылдау комиссиясының әдіскері Ажарова А.К. және м.ғ.д., профессор М.Н.Мусин атындағы фармакология кафедрасының оқытушысы Желдібаева У.Т. Абай ауданы, Қарауыл ауылындағы  мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында мектеп оқушыларымен кездесті.

Мектеп оқушыларына  «Семей медицина университеті» КеАҚ ғылыми және инновациялық әлеуетінің қарқынды өсуі, қызметі, дамуы, оның білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктері және оқыту жүргізілетін мамандықтар туралы бейнеролик ұсынылды. Мектеп оқушылары университет тарихымен және оның қалыптасуының маңызды кезеңдерімен жан-жақты таныстырылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптарын ала алды.

Жарияланды: