Ғылыми студенттік үйірменің отырысы

Ғылыми студенттік үйірменің отырысы

2024 жылдың 13 наурызында м.ғ. д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында СҒҮ (студенттік ғылыми үйірме) отырысы өтті. Отырысқа үйірме мүшелері, «Фармация» мамандығының 2, 3, 4  курс студенттері, кафедра оқытушылары мен қызметкерлері қатысты.

Отырысты ұйымдастыру және өткізу мақсаты жыл сайын сәуір айында өтетін Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған халықаралық қатысуымен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына мақалалар мен баяндамалардың тақырыптарын таңдау және талқылау болды.

Күн тәртібінде 14 наурызда университет өткізетін алдағы СҒҮ жәрмеңкесіне материалдардың дайындығы туралы мәселе қаралды.

СҒҮ төрағасы 402 топ студенті Амантаева Н. Және  кафедраның СҒҮ-не жауапты Лауенова С.А. материалдардың жәрмеңкеге толық дайындығы туралы есеп берілді.

Жиын аясында кіріспе сөзімен кафедра меңгерушісінің м.а., т.ғ.к. Р.Р.Олжаева студенттерді университеттің «Ұйымдастыру комитетінің құрамы туралы» бұйрығымен таныстырды,  бұдан кейін өзінің ғылыми тәжірибесінен мысал келтіре отырып, студенттерді белсенді қатысуға шақырды.

Студенттер мен оқытушылар алдағы іс-шаралар туралы пікір алмасты, сонымен қатар ғылыми мақалалардың қатысуымен таңдалған тақырыптарды талқылай отырып, конференцияға қатысуға қызығушылықтарын білдірді.

Отырыстың қорытынды бөлімінде кафедраның студенттік ғылыми үйірмесінен кемінде 5 студенттік ғылыми жұмыс ұсынылатыны туралы шешім қабылданды. Конференция материалдары жинақтарындағы баяндамалардың, мақалалардың мазмұны мен көрнекі бөлігіндегі кемшіліктерді түзету, ғылыми жетекшілердің қатысуымен конкурстық жұмыстарды талқылау мәселесін кафедраның студенттік ғылыми үйірмесінің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізу ұсынылды.

Кафедраның студенттік ғылыми үйірмесіне жауапты Лауенова С.А.

Рубрикалар: Ғылыми жұмыс