«Менингококк инфекциясының алдын алу» атты дөңгелек үстел

«Менингококк инфекциясының алдын алу» атты дөңгелек үстел

2024 жылдың 13 наурызда Абай облысы жедел жәрдем қызметінің орталық станциясында «Менингококк инфекциясының алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті. Семинарға Абай облысы жедел жәрдем қызметі орталық станциясының «03» қызметінің медицина қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.Қ.Шаймарданов және көмекшісі Смайыл Е.М болды. 612 ЖДТ топ интерндері менингококк инфекциясының эпидемиологиясы және адамдарға жұғу қауіпінің жоғарылығы туралы баяндады.
Баяндамада менингококк инфекциясының клиникалық көрінісіне ерекше тоқталып, осы инфекцияның әртүрлі клиникалық формаларына тоқталды. Клиникалық және эпидемиологиялық мәліметтерді ескере отырып, менингококк инфекциясын ерте диагностикалауға тындаушылардың назары ерекше аударылды. Менингококк инфекциясына күдік туындаған кезде жедел медициналық жәрдем қызметіндегі дәрігер мен медицина қызметкерінің тактикасы және осы инфекцияның алдын алу мәселелері жан-жақты талданды.

Шаймарданов Н.Қ., Смайыл Е.М.