«Үздік студент -2024!»

«Үздік студент -2024!»

«Семей медицина университеті» КеАҚ «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 5 курс студенті Айдосов Ж ғылымға қосқан үлесі үшін

«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанында заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының ғылыми-білім беру мекемелері арасында «Үздік студент-2024» медалімен және II –дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ж.Айдосовтың мақаласы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Талантты жастардың халықаралық энциклопедиясының» VII кітап жинағында жарияланды. Жандос оқу озаты, университеттің ғылыми шараларына және ғылыми конференцияларға белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. Белсенді жастарға көрсеткен қолдауы үшін ғылыми жетекшісі ЖББП кафедрасының оқытушысы Ғалымова Ә.Д. алғыс хатпен марапатталды.

Айдосов Жандосты кезекті марапатымен құттықтап, алдағы уақытта да жоғары ғылыми жетістіктер тілейміз!