2024 жылдың 12 наурызында №3 ауруханада «Вирустық ішек инфекциялары» атты дөңгелек үстел өткізілді, оның қатысушылары ЖТД дәрігерлер және орта медициналық қызметкерлер болды. Дөңгелек үстелді жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шаймарданов Н.К. және ассистент Смаил Е.М ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында спикерлер вирустық ішек инфекциялары – ол қоздырғыштары әртүрлі вирустар болатын, көріністері ұқсас, жіті жұқпалы аурулар тобы екенін атап өтті. Көбінесе асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары ротавирустардан туындаған ауруларда байқалады. Соңғы жылдары жіті ішек инфекцияларының диагностикасының жақсаруына байланысты норо-, астро-, энтеровирустардың кейбір түрлері және т.б. вирус түрлерінің де этиологиялық рөлі расталды. Вирустық этиологиялы ішек инфекцияларының инкубациялық кезеңі: бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, жиі – 1-3 күн. Вирустық ішек инфекцияларының клиникалық көрінісі өзара ұқсас. Клиникасы ЖРВИ-ге ұқсайды, бірақ біраз уақыттан кейін жүрек айнуы мен құсу басталады, іштің ауыруы және қатты диарея пайда болады. Кішкентай балалар үшін бұл инфекциялар сусызданудың жылдам дамуымен және жүрек пен өкпе тарапынан ауыр асқынулардың дамуымен қауіпті. Ересектерде аурудың ешқандай клиникалық белгілері болмайды, бірақ сыртқы ортаға қоздырғыштарды бөлумен бірге жүреді. Бұл жағдай әсіресе қауіпті – себебі бұл адам басқалар үшін вирустардың тұрақты көзіне айналады.
Дөңгелек үстел барысында тұрғындар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары аясында вирустық ішек инфекцияларының алдын алудың негізгі ережелеріне баса назар аударылды. Бұған қол гигиенасын сақтау, қауіпсіз суды пайдалану, жемістер мен көкөністерді жуу, әсіресе шикі күйінде қолданарда және ашық суқоймаларында шомылу кезінде суды жұтпау жатады.
Шаймарданов Н.К., Смаил Е.М.