Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды
- Кәсіподақ төрағасының м.а. қызметінде болған Б.Б. Рахимованың 2024 жылғы қаңтар және ақпан айларындағы қаржы бойынша есебі
- Қазіргі кәсіподақ ұйымы мүшелерінің (университет қызметкерлерінің) жалпы саны туралы есеп, Б.Б. Рахимованың баяндамасы
- Кәсіподақ ұйымының 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын және жауапты тұлғаларды бекіту, А.К. Букатовтың баяндамасы
- Әр түрлі сұрақтар.
Университетіміздің жаңа кәсіподақ ұйымы келесі атқарушы құрамда қызмет жасайды:
- Кәсіподақ төрағасы Букатов А.К. – барлық міндеттердің орындалуы бойынша жауапкершілікте, кәсіподақ мүшелеріне құқықтық қолдау көрсетуге жауапты
- Кәсіподақ төрағасының орынбасары Жылқыбаева А.Ш. – қызметкерлердің жұмыс жасау жағдайын, жұмыс орындарын қадағалап қолдау көрсетуге жауапты
- Уразалина Н.М. – ПОҚ білім беру үрдісі бойынша талаптардың орындалуын бақылау, оқытушыларды құқықтық қорғау, кеңес беруге жауапты
- Селихов И.В. – Салауатты өмір салтын ұстану және насихаттау бойынша жауапты
- Кыдырбаев А.М.- Қызметкерлер арасында ұйымдастырылатын спорттық шараларға жауапты
- Сейпілұлы А. – Мәдени іс шаралармен мерекелік жиындарды ұйымдастыру үшін жауапты
- Рахимова Б.Б – Санаторлы курорттық жұмыстар және қызметкерлер арасындағы қаржылық шағымдармен жұмыстар жасауға жауапты
- Искакова А.С. – Университет ішіндегі волонтерлік жұмыстарға және әлеуметтік қолдау қажет ететін тұлғалармен жұмысқа жауапты және университет ардагерлері және мерейтой (юбиляры) иелерімен жұмыс жасауға жауапты
- Шакабаева А.А. – кәсіподақ құжаттарына жауапты және кәсіподақ хатшысы
Жиын соңынан кәсіподақ төрағасы жұмыс жоспарын бекітіп, міндеттерді жауапты тұлғаларға тапсырды. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымының негізгі мақсаттарының бірі қызметкерлердің еңбек келісім шарттарының қос тараптан дұрыс орындалуын қадағалау екендігін атап өтті.