Коронавирустық инфекция және оның салдары

Коронавирустық инфекция және оның салдары

03.09.2024 жылы  КеАҚ «Семей Медициналық университеті»  ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы № 4 студенттер үйінде «Коронавирустық инфекция және оның салдары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел кафедра меңгерушісі Рахыжанова С.О  және оқытушылар Қанатбекова А.Қ , Иноземцова О.В басшылығымен талқылау форматында өтті . Сонымен қатар белсенді қатысушылар  «Жалпы медицина»  факультетінің 2 курс студенттері болды.

Іс-шара барысында студенттерге коронавирустық инфекцияның таралуы , алғашқы белгілері , инфекция жұқтырған жағдайда қандай ем шаралар қолдану қажет екендігі және вирустан қорғану жайлы ақпараттар берілді . Дөңгелек үстел соңында студенттер коронавирус туралы негізгі сұрақтарға жауап беріп , жоғарғы білім деңгейін көрсетті.

 

Т.А Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер