«СМУ» КеАҚ Семей қ. ЖТД кафедрасында «2023-2024 оқу жылындағы
7 курстың үздік ЖТД-интерні» атты олимпиада өтті. Олимпиада кафедра меңгерушісі, м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупованың құттықтауымен басталды. Интерндер жауабын әділ қазылар мүшелері бағалап отырды:
- Беляева Т.М. – доцент, әділ-қазылар председателі;
- Фаизова Р.И. – доцент м.а., завуч;
- Хисметова О.А. – кафедра завучы.
Айтылған іс-шара үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, балалар аурулары және денсаулық сақтау менеджменті бойынша сұрақтарды қамтитын блиц-сауалнама түрінде өтті. Бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша екінші кезеңге өткен 16 үздік ЖТД-интерндер іріктелді.
Екінші кезеңде іріктелген интерндер 4 командаға 4 интерннан бөлінді. Осы кезеңде интерн-дәрігерлерге ішкі аурулар, жедел медициналық көмек, балалар аурулары және денсаулық сақтау менеджменті бойынша тапсырмалар ұсынылатын викторина ойыны ұсынылды. Тапсырмалар қиындық деңгейіне байланысты 10-нан 50-ге дейінгі балмен бағаланды. Екінші кезең қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Команда «2023-2024 оқу жылының 7 курс ЖТД-интерндері арасындағы үздік команда» номинациясында жеңімпаз атанды және үшінші кезеңге өтті.
Олимпиаданың қорытынды кезеңі «2023-2024 оқу жылының 7 курс ЖТД- интерндері арасындағы үздік интернді» анықтау үшін жеңімпаз команданың төрт интерндар арасында жағдайлық есептерді шешу және тәжірибелік дағдыларды орындау түрінде өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша «Үздік команда» номинациясы бойынша 7 курс ЖТД-интерндерінен құралған команда жеңіске жетті: Бабатаева С.Қ. (718 гр.), Достанова И.М. (717 гр.), Сейтқабылов А.А.. (722 гр.) және Төлеген Н.Р. (720 гр.).
«2023-2024 оқу жылының 7 курс үздік ЖТД -интерні» номинациясы бойынша бас жүлдені 722 топтан Сейтқабылов А.А. жеңіп алды
Жеңімпаздар құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Дюсупова Ажар Ахметқалиқызы жеңімпаздарды құттықтап, одан әрі кәсіби білімдерін жетілдіруін тіледі.
Олимпиаданы ұйымдастырған және жүргізгендер кафедра меңгерушісі м.ғ.д., профессор Дюсупова А.А., м. ғ. к., кафедра доцентінің м. а. Г.Т. Камашева, ассистент Джармухаметова А.С.