«Тұсау кесу дәстүрі»

 

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай халқымыздың рухани-мәдени құндылықтары мен салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатында «СМУ»  КеАҚ Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының профессорлық- оқытушылық ұжымы құрметті ата-аналарымыздың, қадірлі әжелеріміңіздің қолдауымен «Тұсау кесу» рәсімін өткізді.

Қазақ дәстүрінде тәрбиелік мәні жоғары жоралғының бірі – баланың тұсауын кесу. Тұсау кесу жасалғанда сәби тезірек қадам басып жүруді үйренсін, өмірде жолы ашық, болашағы жарқын болсын деген тілектер айтылады. Тамыры тереңнен бастау алатын тұсау кесу рәсімінің Қазақ халқының жоралғыларының арасында орны ерекше.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз