2024 жылдың 13 наурызында Медицина мектебі мен Әскери дайындық кафедрасы «Семей медицина университеті» КеАҚ «Медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламаларының 2 курс білім алушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Орынбасаров Шыңғыс Оразмұхаметұлы білім алушыларға әскери дайындық кафедрасына қабылдау тәртібі мен шарттары туралы айтып өтті.
Келесі кезекте медицина мектебінің декан орынбасары Күлгімбаева Арайлым Шаймұратқызы сөз сөйлеп, студенттердің назарын университеттегі, қоғамдық орындардағы ішкі тәртіп ережелеріне, өзін-өзі ұстау ережелеріне тағы бір рет аударды; студенттік әдеп кодексінің, пән саясатының және студенттік үйлер туралы ережелердің негізгі тармақтарын айтты; барлығының қауіпсіздігі үшін бақылау режимін сақтауға шақырды.