«Дәлелді медицина және статистикалық талдау әдістерін қолдану» пәні бойынша пәндік олимпиада

«Дәлелді медицина және статистикалық талдау әдістерін қолдану» пәні бойынша пәндік олимпиада

Құрметті «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандықтарының 3 курс студенттері!

Сіздерді эпидемиология және биостатистика кафедрасының  «Дәлелді медицина және статистикалық талдау әдістерін қолдану» пәні бойынша пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз.

Олимпиаданың өтетін күндері:

26 наурыз – 1 кезең: тестілеу (іріктеу кезеңі); Өткізілетін орны: Эпидемиология және биостатистика кафедрасы (№4 корпус, 3 қабат), уақыты 08.00-10.00 / 12.00 – 14.00.

27 наурыз – 2 кезең: бойынша теориялық сұрақтар мен SPSS бағдарламасы тәжірибелік  дағдылар, өтетін орны: №2 дәрісхана, сағат 12.00-16.00.

Ұйымдастырушылар: Эпидемиология және биостатистика кафедрасы.

Қатысушылар: «Жалпы медицина» және «Педиатрия» мамандығының 3 курс студенттері

Тілі: қазақ, орыс

Барлығын шақырамыз!

Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпарат алу үшін эпидемиология және биостатистика кафедрасына хабарласуға болады

Пәндік олимпиадаға қатысуға ниет білдірушілер өз мәліметтерін (аты-жөні, тобы, телефоны) Epidemiology@smu.edu.kz  электронды поштасына жіберулерін сұраймыз.

 

Жарияланды:
Рубрикалар: Хабарландырулар