КеАҚ «СМУ» және М.Оспанов атындағы БҚМУ арасындағы академиялық ұтқырлық

КеАҚ «СМУ» және М.Оспанов атындағы БҚМУ арасындағы академиялық ұтқырлық

Осы жылы Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында  КеАҚ «Семей Медициналық Университеті» және Марат Оспанов атындағы БҚМУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Академиялық ұтқырлық М.Оспанов атындағы БҚМУ қалыпты физиология кафедрасында өткізілді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша визитинг-профессор ретінде КеАҚ «СМУ» ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Рахыжанова Сәуле Орынгазыевна шақырылды.

Бұл бағдарламаның мақсаты екі ЖОО оқытушыларының тәжірибемен алмасуы болып табылады.

Дәрістер мен тәжірибелік сабақтар  26.02.2024 – 03.03.2024ж. аралығында офлайн форматта өтті. Жоспар бойынша  лекциялар СBL форматында және тәжірибелік сабақтар «Кардиореспираторлы жүйе» коммитиі бойынша келесі тақырыптар бойынша өткізілді: «Тыныстың нейрогуморалды реттелуі». «Жүрек жұмысының және қантамырлық тонустың жүйкелік және гуморалды реттелуі». «Гемодинамика. Гемодинамика параметрлері, балалардағы ерекшеліктері». Лекциялар инновациялық технология бойынша СBL түрінде  өткізілді.

Дәріс тыңдаушылары ретінде қалыпты физиология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Калдыбаева Айман Тургынбаевна және осы кафедраның жас профессорлық- оқытушылық құрамы, сонымен қатар «Жалпы медицина», «Педиатрия», мамандықтары бойынша білім алушылардың екінші курс студенттері қатысты. Сонымен қатар «Стоматология» мамандығы бойынша білім алатын екінші курс студенттерімен тәжірибелік сабағы «Талдағыштар физиологиясы» тақырыбында  жүргізілді.

Академиялық ұтқырлық аяқталғаннан кейін кері байланыс құрылып, онда студенттер оқылған дәрістер мен тәжірибелік сабақтардың жағымды жақтарын атап өтті. Дәріс студенттердің көңілінен шығып, клиникалық жағдай түрінде өткізілуіне қызығушылығын білдірді. Студенттер, м.ғ.к., доцент м.а. С.О.Рахыжановаға сұрақтар қойып, дәрістің тереңділігін, материалды ұсынудың айқындылығы мен қолжетімділігін атап өтіп, өз алғыстарын білдірді.