Рамазан айында, сондай-ақ «Наурыз мейрамы» мерекесін тойлаудың жаңа дәстүрі бойынша 14 наурыздан 23 наурызға дейін «Наурызнама» енгізілді, мұнда әр күн тақырыпқа бөлінген. 15 наурыз «Қайырымдылық» күні деп белгіленген. Бұл күні әр ауданның тұрғындары мұқтаж жандарға материалдық және рухани көмек көрсетіп, қолдау көрсетуде. Қайырымдылық – бұл мұқтаж жандарға рухани үңілу, мейірімділік пен жомарттық. КеАҚ «Семей медицина университетінің» ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенттері Берсимбекова Г.Б. и Канапиянова Г.Б. және 4204 топ «Жалпы медицина» факультетінің студенттері қайырымдылық мақсатында жағдайы төмен отбасына азық-түлік себеттері түрінде көмек жасалды. Азық-түлік пен тұрмыстық заттар түрінде қайырымдылық көмек көрсетілген отбасы көрсетілген көмек үшін үлкен алғысын білдірді, отбасы мүшелерінің айтуынша, өмірде қиын күндерді бөлісуге дайын мейірімді адамдар көп екенін сезінді. Сондай-ақ студенттеріміздің университетті ойдағыдай бітіріп, әрқайсысының жақсы маман болуына тілек білдірді. Қорытындылай келе «Рухани байлық бәрінен де жоғары» деп қосқымыз келеді.