2024 жылдың 11 наурызында “Ортопедиялық стоматология” пәні бойынша «Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы» кафедрасында Семей Медициналық Университетінің 2 курс студенттері арасында олимпиада өтті. Іс-шараның мақсаты болашақ тіс дәрігерлерінің теориялық және практикалық дағдыларын нығайту болды. Олимпиаданың ашылуында барлық қатысушыларды кафедра меңгерушісі Дана Мұқашқызы Сүлейменова және кафедра ассистенті Сымбат Камалқанұлы Қабдықанов құттықтады.
Жарысқа келесі кезеңдер кірді:
- Бірінші кезең-Kahoot форматында тестілеу
- Екінші кезең-ЖҚТЕ (ОСПЭ) (практикалық дағдыларды орындау).
- Үшінші кезең-тістердің жеке топтарын модельдеу. Студенттердің әр тобы олимпиаданы ұйымдастырушылар берген тіс нөмерімен тісті мүсіндеп шығару.
Олимпиада сәтті өтті және байқауда үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар жарияланды:
1 орын – 201 топ
2 орын-207 топ
3 орын-204 топ
Жеңімпаздарға жетістіктері үшін марапат ретінде грамоталар мен оқу-әдістемелік құралдар табыс етілді. Студенттерге олимпиаданы өткізу форматы ұнады, онда әркім өз потенциалын аша алды, болашақ тіс дәрігері мамандығына қызығушылық арта түсті.