Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасының ПОҚ Көрісу мерекесіне арналған іс-шара өткізді

Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасының ПОҚ Көрісу мерекесіне арналған іс-шара өткізді

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ағымдағы жылы жаңа форматта тойланады. Қазақстанда биыл Наурыз мейрамын 10 күн тойлау ұсынылды. Әр күннің өз атауы бар. 14 -ші Наурыз «Көрісу күні – Амал мерекесі».

Өскемен филиалы Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының профессорлық -оқытушылық құрамы  Көрісу мерекесіне орай іс-шара өткізді. Төс қағысып көрісіп, жыл берекелі болсын деп, бір-біріне тілектерін білдірді. Бүгінгі күн – Наурыз мерекесінің алдында мәре-сәре болатын күн. Үлкен-кіші бір-біріне сәлем беріп, көрісіп, “жас құтты болсын” деп амандасып, кәде-сыйларын табыстап жатады.

Наурыздың бастауына айналған бұл күнде барлығы ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың жандануын, көктемнің келуін сезініп, жаңа жылдың басталуын ынтамен атап өтті. Ренжіскен ағайын табысып, барлық жамандық атаулы ұмытылатын, ел-жұрт болып жақсылыққа қарай мерейлене бет бұратын бұл күннің шын мәнінде шапағаты мол. Өйткені Амал – мейірім, сауап, береке мен бауыр-малдықтың, ауызбіршіліктің мейрамы.

Жарияланды: