Павлодар қаласының резидентының волонтерлік жұмысы

Павлодар қаласының резидентының волонтерлік жұмысы

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы студенттерді сабақтан тыс уақытта волонтерлік жұмысқа тартуды жалғастыруда. Павлодар қаласындағы «ересектер және балалар гастроэнтерологиясы» мамандығының 2 курс резидентi, Аманжолова Г.Е., тағамтану циклі барысында академикалық  тәлімгері профессор Жумадилова З.К. жетекшілігімен «Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылына» барды. Директормен жолығудың мақсаты алдын-ала талқыланғаннан кейін балалармен кездесу жоспарланды. Мекеменің директоры балалардың оқуға деген ынтасын дамытып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында балаларға кітап әкелуге кеңес берді. Балалардың кітап оқуы – ұстаздар мен тәрбиешілер үшін бақыт. Оқу баланың дамуына үлкен әсер етеді. Балаларға «Поллинна», «Мэри Поппинс», «Ғарыш», «Адам денесі» кітаптары, ертегілер мен танымдық ойындар сыйға берілді. Балалардың қанағаттанған көздерін көрсеңіз ғой! Кітап бұрышындағы сөре жаңа кітаптармен толықты. Кітаптардың арқасында әңгіме үшін ортақ тақырып пайда болды және кездесу соңында балаларды келе жатқан “Наурыз”мерекесімен құттықтады. Балалардан және мекеме әкімшілігінен алғыс сөздерімен кері байланыс алды. Игі істер елеусіз қалмайды – ілтипат күткендерге шамшырақтай жарқырайды.


Жарияланды: