Сенбі 2024 жылдың 16 наурызында шетел бөлімінің 1-5 курс студенттері үшін «Speaking club for International Students» кезекті сабағы өтті. Сабақты дайындап, жүргізген балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының оқытушылары ассистент Тугелбаева А.М. және ассистент Муратов Ф.К. Тыңдаушыларға алдын ала ағылшын және орыс тілдеріндегі глоссарий жіберілді. Сабақ тақырыбы «Балалық шақ аурулары». Сабақ барысында студенттер орыс тілінде балалар патологиясының негізгі терминдерін меңгерді, кері байланыс алынды, сонымен қатар жаңа терминдерді бекіту мақсатында балалардағы жедел ларингит, бронхит, гастродуоденит сияқты тақырыптырда студенттер мен оқытушылар арасында науқастан орыс тілінде шағымдар мен анамнез жинауға бағытталған жағдаяттар ойнатылды.
Сабақ барысында студенттер сөздік қорларын молайтты, студенттер мұндай сабақтардың шетел студенттері үшін өте пайдалы екенін айтып, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Түгелбаева А.М., Муратова Ф.К.