15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Төл мерекемізді тойлауға арналған жыл сайын 14 – 23 наурыз аралығында өткізілетін Наурызнама онкүндігінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының доценті, оқытушысы Сайдахметова А.С. және Медицина факультетінің 2312 кураторлық тобы 15 наурыз-Қайырымдылық күнінде қаламыздағы мұқтаж отбасыға көмек қолын созып, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.

Жанашырлық пен мейірімділік насихатталған бұл күнде студенттер отбасыға тек материалдық қолдау емес, рухани қолдау көрсетіп, жылы сөзбен жігерлендіріп, кішкентай бүлдіршіндердің көңілін көтерді. Дәл осындай игі істер қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

В день благотворительности и милосердия студенты кураторской группы попытались оказать духовную поддержку социально-уязвимой группе населения города: беседовали, подчёркивая важность сочувствия и взаимопомощи в обществе, развлекали и организовали игры для больного ребенка. Мы убедились в том, что такие благие деяния в обществе создадут культуру благотворительности