“Артериялық гипертензия: трипликсамның 2024 жылғы позициясы” тақырыбында дәріс өтті

“Артериялық гипертензия: трипликсамның 2024 жылғы позициясы” тақырыбында дәріс өтті

2024 жылдың 18 наурызында Өскемен филиалының ЖДТ кафедрасында бірінші санатты кардиолог Қайырбекова Бақыт Жақымқызының қатысуымен “Артериялық гипертензия: трипликсамның 2024 жылғы позициясы”тақырыбында дәріс өтті.

Аталған дәріске 7-курс ЖДТ интерн-дәрігерлері, сондай-ақ 6-курс кафедрасының завучы  Енсибаева Ш. Д және ЖДТ кафедрасының меңгерушісі Темірханова Р.Б қатысты

Дәріс өте мазмұнды, пайдалы және жақсы ұйымдастырылды. Дәріс барысында болашақ дәрігерлер артериялық гипертензияны емдеудің жаңа заманауи әдістерімен танысып, кардиология бойынша білімдерін нығайтты. Мұндай дәрістер әрқашан өзекті болады. Медицина дамуда бір орында тұрмайтынын ескере отырып, мұндай дәрістер білімді жаңартуға, дағдыларды пысықтауға және тәжірибемен бөлісуге мүмкіндік береді