2006 жылдан бастап жыл сайын наурыз айының екінші бейсенбісінде Халықаралық нефрология қоғамы мен Халықаралық нефрология федерациялары қоғамының бастамасымен «Дүниежүзілік бүйрек күні» ресми түрде атап өтіледі, оның мақсаты – бүйрек қызметі туралы халықтың білімін арттыру, олардың жұмысындағы бұзылулармен байланысты аурулар, сондай-ақ осы аурулардың алдын алу және емдеу ақпаратымен таныстыру.
14.03.24 Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған «Бүйректің созылмалы ауруы мектебі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиналысқа қатысушылар: кафедра меңгерушісі Қасқабаева А.Ш., доценттер Алибекова Р.И., Капанова Г.К., Муздубаева Ж.А., ассистенттер Қожахметова Д.К., Ботабаева А.С., «BBNura» ЖШС аймақтық директоры, жоғары санатты нефролог Азимбаева И.М. 1, 2 курс нефролог резиденттері. Дөңгелек үстелді кафедра доценті Р.И. Алибекова ашты, бүйректің созылмалы ауруының хронологиялық аспектілері, бүйрек алмастыру терапиясының өткені, бүгіні және болашағы туралы баяндама жасады. Кафедраның профессорлық – оқытушылық құрамының жетекшілігімен резидент нефрологтар «Бүйректің созылмалы ауруының негізгі себептері. Нефрология бөлімшелерінің (Семей қ. және Өскемен қ.) мәліметтеріне ретроспективті талдау нәтижелері», «Аполипопротеин В артериялық гипертензиядағы бүйректің созылмалы ауруының ерте предикторы», «Диализге дейінгі кезеңде бүйректің созылмалы ауруының емдеудің тағамтану аспектілері» баяндамаларын тыңдаушылардың назарына ұсынды. Дөңгелек үстелге қатысушылар ұсынылған материалдарды белсенді түрде талқылап, оң пікірлерін білдірді, бүйректің созылмалы ауруының профилактикалық мектебін құруды, оны күнделікті тәжірибеге белсенді түрде енгізуді және халықпен жұмыс жасау бойынша тәрбиелік шараларды өткізуді ұсынды.