Гистология және физиология пәндері арасындағы ашық интеграцияланған дәріс

Гистология және физиология пәндері арасындағы ашық интеграцияланған дәріс

2024 жылдың 12 наурызында «Зәр шығару жүйесінің гистологиясы мен физиологиясы» тақырыбында қазақ тілінде CBL форматында интеграцияланған дәріс өтті. Бұл лекция – гистология мен физиологияның екі пәндерінің интеграциясы. Лекцияны окығандар – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Т.А.Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. Рахыжанова Сәуле Орынғазықызы және профессор  Н.А.Хлопова атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мусайнова Асем Капбасовна.

Дәрісте клиникалық жағдай қарастырылды, дәріс барысында студенттерге аталған пәндер бойынша сұрақтар қойылды. Дәріске медицина ғылымдарының докторы, профессор Ю.В.Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті, м.ғ.к. Жақыпова Ақмарал Аржыл-Ғайыпқызы қатысты. Дәріс аяқталғаннан кейін кері байланыс алынды, онда студенттер мұндай дәрістердің қажеттілігін атап өтті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі