18.03. 2024 жылы СМУ КЕАҚ психиатрия және наркология кафедрасы “Наурыз — Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі. Ұлттық киім күні”. Іс-шараның басты мақсаты-студенттердің бойында отансүйгіштікке тәрбиелеу: Отанға деген сүйіспеншілік, Қазақстан халықтарының ұлтаралық бірлігі мен келісімі, толеранттылыққа тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру. Халық шығармашылығына, оның әртүрлі жанрларына, стильдеріне қызығушылықты ояту және дамыту, халық фольклоры туралы білімдерін кеңейту.
Қатысушылар: кураторлық топтардың студенттері 5108 (куратор Алмагамбетова А.А.), 5428(куратор Алтыбаева Г.К.), 5426(Ашубаева А.К. хирургиялық пәндер кафедрасы), шетел факультетінің студенттері, 1,2 жыл резиденттері. Семей медицина университетінің 5 курс студенттеріне, кафедра резиденттеріне: психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Phd докторы Т. М. Молдағалиев, кафедра доценті м.ғ.к. Оспанова Н.Н., 5108 топтың кураторы А. А. Алмагамбетова құттықтау сөз сөйледі. Тарихи тұрғыдан Наурыз мерекесі 10 күнге созылды. Ол Наурызнама деп аталды. Бұл туралы ұлы философ-жазушылар — Махмұд Қашқари, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезовтің еңбектерінде айтылған.
18 наурыз – Ұлттық киіміміз – ұлттық киімімізді насихаттауға бағытталған Ұлттық киім күні.
Студенттер ән шырқады, би биледі, ұлттық киімдерін көрсетті, спорттық күрес жүргізілді. Шет ел факультетінің студенттері Наурыз мейрамына белсене қатысты.