Оқушыларды сабақтан тыс уақытта волонтерлік жұмысқа тарту (қарттар үйі)

Оқушыларды сабақтан тыс уақытта волонтерлік жұмысқа тарту (қарттар үйі)

19.03.2023 мейіргер ісі кафедрасы еріктілік мақсатпен Абай облысы жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының  «№2 Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»  КММ-не барды.

101, 201 «Мейірбике ісі», 204 «Стоматология», 2105, 2418 «Жалпы медицина» топ студенттері,  101 «Мейірбике ісі» тобының магистранттары қарт азаматтар мен мүгедектерді құттықтады.

Директормен сапардың мақсатын алдын ала талқылап, осы орталықта тұратын қарт азаматтармен және мүгедектермен кездесу жоспарланған болатын.

Мекеменің директоры қолөнер бұйымдарын, түрлі-түсті қарындаштарды, бояу беттерін, түрлі-түсті қағаздарды, фломастерлерді әкелуге кеңес берді. Сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.

Қарт азаматтар мен мүгедектер студенттерге, мейіргер ісі кафедрасының ассистенттеріне алғыстарын білдірді.

Ұйымдастырушылар: қауымдастырылған профессор, мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Жұманбаева, кафедра ассистенттері А.Т. Оспанова, Б. А. Орынбасарова, М. Б. Болатова, Р. М. Қисина, Р. Н. Құдайбергенов, Д. Ш. Шагиева, Н. С. Рахматуллина,

Т. М. Садықова, Д. Ш. Амренова, А. М. Шарапиева., Г. Т. Айтмурзинова.

Жарияланды: