Наурыз мерекесі — әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. Халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз болып табылады. Біздің қазақ халқы өнер арқылы тарихымызды, мәдениетімізді ғасырдан-ғасырға жеткізген.
Наурыз айының 18 күні «Симуляциялық және білім беру технологиялары» кафедрасында кафедра оқытушылары мен 3204, 3205 топ ЖМ студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған Наурыз мейрамы тойланды. Барлық қатысушылар ұлттық киім киді. Мерекелік іс-шараның ашылуы кафедра оқытушыларының құттықтауымен басталды. Іс-шара барысында аталған топ студенттері қазақтың ұлттық билерін билеп, ән айтып, күй шертті. Сонымен қатар, қатысушылар «бет ашар», «тұсау кесу», «бата» беру сияқты әдет-ғұрыптарды көрсетті. Ұлттық тағамдармен дастархан жайылды. Мерекелік іс-шара қатысушылар мен ұйымдастырушылардың арқасында көңілді және қызықты өтті.