Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасында Наурыз мейрамы

Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасында Наурыз мейрамы

Көктемгі жаңару мерекесі Наурыздың мың жылдық тарихы бар. Қазір оны түркі әлемінде 300 миллионнан астам халық тойлайды. Қазақстанда Наурыз ең маңызды ұлттық мерекелердің бірі болып табылады.

Түркі әлемінің әртүрлі елдеріндегі көктем мерекесі Наурыз,  Навруз, Невруз, Нұрыз сияқты көптеген атауларға ие. Парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» дегенді білдіреді. Бүкіл ай бойы жақсы көңіл-күйді, жайдарлылықты, жағымды көзқарасты, табиғатпен және қоғаммен бірлік сезімін сақтау маңызды. Қазір Қазақстанда бұл ұлты мен наным-сеніміне қарамастан барлық адамдар тойлайтын ұлттық мереке.

Бұл күндері республика көлемінде айшықты Наурыз мерекесіне арналған салтанатты шаралар өтуде. Семей қаласындағы «Жалпы медицина» кафедрасы  КеАҚ-да тыс қалмады. 19.03.2024 ж қафедра қызметкерлері 723 топ дәрігер-интерндерімен бірге «Семей қаласындағы қарттар мен жалпы мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» базасында мерекелік концертті ұйымдастырды. Түрлі-түсті ұлттық киім киген интерндер Бижуманова Айдананың вокалдық орындауындағы «Қаражорға» биі, «Мереке» және «Боз түн» әндерін ұсынылды.

Бұл іс-шара кафедра меңгерушісі, профессор А.А.Дюсупованың жетекшілігімен дайындалды және өткізілді, кафедра қызметкерлері: А.М.Хисметова, О.А.Юрковская, Т.М.Беляева, Г.Т.Камашева, Т.И.Терехова., Фаизова Р.И., Джармұхаметова А.Т., Ахметова В.Т.

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір