14- наурыз күні Университетіміздің Бас Ғимаратында Студенттік Ғылыми Үйірмелердің жәрмеңкесі өткізілді. Аталған іс- шарада әр кафедра өздерінің тарихымен, қазіргі уақыттағы жетістіктері және алдағы жоспарларымен бөлісті. Жәрмеңкеге Университетіміздің 25 теориялық және клиникалық пәндер кафедралары қатысты.
Алғы сөз ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор- Омаров Назарбек Бақытбекұлы және ғылыми зерттеу бөлімінің бастығы- Кошпесова Гульсым Кабжановнаның жарқын тілектерімен басталды. Шара барысында студенттер медицинаның әр саласы бойынша өздерінің қалаған сұрақтарына жауап алып, білімдерін біршама кеңейтіп қайтты. Жәрмеңкенің соныңда ең үздік іргелі және клиникалық кафедралар арнайы аталымдарды иеленді. Оларға келетін болсақ:
The Best Corner аталымы бойынша- ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы, Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы
The Best Performance аталымы бойынша- ҚР ҰҒА-ның академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы, Госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасы
The Best Creativity аталымы бойынша- Профессор Н. А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы, Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы марапатталды.
Аталған кафедраларды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай үлкен іс- шарамызды ұйымдастыруға, медицина саласы студенттерінің ғылымға деген көзқарасын дамытуға ат салысқандығы үшін ЖШС «Жан-Ер» медициналық орталығына, директоры- м.ғ.к. Булеуханова Роза Тусупжановнаға, ғылыми зерттеу бөлімі мен ғылым және стратегиялық даму жөніндегі проректор- Омаров Назарбек Бақытбекұлына алғысымызды білдіреміз!
Студенттік ғылыми қоғам