Студенттік ғылыми үйірменің тұсаукесері. Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы СҒҮ жәрмеңкесінде

Студенттік ғылыми үйірменің тұсаукесері. Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы СҒҮ жәрмеңкесінде

2024 жылдың 14 наурызында “Семей медицина университеті” (“СМУ”) КеАҚ-да тарихында алғаш рет Студенттік Ғылыми Үйірмелердің Жәрмеңкесі өткізілді. Іс- шараның бастамашылары мен ұйымдастырушылары студенттердің өздері-Студенттік Ғылыми Қоғамның (СҒҚ) мүшелері болды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты-біздің университет студенттерін клиникалық және теориялық кафедралар жанындағы Студенттік ғылыми үйірмелер (СҒҮ) базасында ғылыми жұмысқа тарту.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасының СҒҚ төрағасы болып 2023-2024 оқу жылында Саттыбаева Сабрина (ЖМ факультеті, 4426 топ) сайланды, ол біздің кафедраның СҒҰ қызметін жәрмеңкеде таныстырды. Кафедраның СҒҮ жауапты Горемыкина Майя Валентиновнамен бірлесіп, үш тілде ақпараттық баннер мен буклеттер дайындалды; біздің “бұрышымыздың”түрлі-түсті безендірілуі ұйымдастырылды.

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы үш негізгі ғылыми бағытта жұмыс істейді: гастроэнтерология және гепатология; ревматология және нефрология. Бұл ретте кафедрада ресми бекітілген ғылыми мектептер белсенді жұмыс істейді: “профессор Иванова Р. Л. ревматологтар мектебі” (14.12.2011 ж. №0006 Сертификат), “Ғылыми гастроэнтерологиялық мектеп” (27.02.2020 ж. №14 Сертификат), “Ревмоортопедия ғылыми мектебі” (27.02.2020 ж. №11 Сертификат),

СҒҮ мүшелерінің жыл сайынғы орташа саны әртүрлі деңгейдегі 30-40 білім алушыны құрайды (бакалавриат, интернатура, резидентура). СҒҮ-де жұмыс үш негізгі тілде жүргізіледі: мемлекеттік, орыс және ағылшын.

Біздің кафедраның ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен білім алушылардың қалауы бойынша буындардың, асқазан-ішек жолдары мен бүйректердің, оның ішінде аутоиммунды ауруларды диагностикалау, емдеу, алдын алу және оңалтудың жекелеген мәселелерін терең зерделеп, талдауға болады.

Жыл сайын үйірмешілер ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады, ауызша және постерлік баяндамалармен қатысады, алынған зерттеу нәтижелерін конференция материалдарында, ғылыми медициналық журналдарда жарияланады. Біздің көптеген студенттеріміз жүлделі орындармен, дипломдармен және сертификаттармен марапатталады.

СҒҮ жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы жеңімпаз дипломымен және осы іс-шараға қатысушы сертификатымен марапатталды.

Кафедра СҒҚ-ның бастамалары мен идеяларын шын жүректен қолдайды! Жәрмеңке- әртүрлі курстар мен факультеттердің білім алушыларын “СМУ” КеАҚ ұсынатын кафедралармен таныстыру жолдарының бірі; олардың ғылыми жетістіктері, мүмкіндіктері мен болашағы!

Барлық ниет білдірушілерді белсенді ынтымақтастыққа шақырамыз!

 

Байланысу:

СҒҮ старостасы: Саттыбаева Сабрина к., ЖМ факультеті, 4426 8-705-282-24-67, sonata_250@mail.ru

СҒҮ-ге жауапты: Горемыкина Майя Валентиновна 8-777-390-82-34, mayagmv@mail.ru, maiya.goremykina@smu.edu.kz

 

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

«Семей медицина университеті» КеАҚ

maiya.goremykina@smu.edu.kz