Ұлттық киім күні

Ұлттық киім күні

2024.18.03. стоматология факультетінің 1 курс 1106 топ  медицина және 1308 топ студенттері куратор А.Б.Букатаевамен  бірге  Наурыз мерекесі қарсаныңда «Ұлттық киім күні» күнінеорай 1308 «Стоматология», 1106 «Медицина» мамандықтарының студенттері мерекелік шара ұйымдастырды.

Қазақтын ұлттық киімдері өзге халықтарға ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктерімен көшпелі тіршілікке сәйкес қалытасқан. Қазақы киімнің барша сәнділігі өның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр. Сондай-ақ, қазақ киімдері етек-жеңі мол, қарапайым. Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында «Ұлттық киім» күнінің маңызы зор.  Іс-шара барысында 1308 топ студенттері өлен шумактарын айты және медицина факультеті 1106 топ студенті Мұратханова Сабина домбырамен сазгер Абдулхамит Райымбергенов тын «Секіртпе» атты күйін орындады.

 

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының кураторы Букатаева А.Б.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер