15.03.2024. күні шетел бөлімінің студенттері кураторлар Л.В.Ковалеваның, (физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы), О.Т. Ван (симуляция және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушысы) Б.Т.Шакированың (ЖББ кафедрасының оқытушысы) жетекшілігімен Наурыз мерекесіне арналған қалалық іс-шараға қатысты. Іс-шараны ағылшын тілінде Абай атындағы қалалық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды. Шетел бөлімінің 1 және 2 курс студенттеріне мерекенің мәні туралы презентация ұсынылды. Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні және жаңа жылдың басы ретінде тойланады. Студенттер еліміздің Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағамдармен танысты. Мереке тақырыбында ойындар мен викториналар ұйымдастырылып, соңында студенттерге ұлттық тәтті тағамдар, шелпек, бауырсақтар ұсынылды, белсенді студенттер кітаптармен марапатталды. Студенттерге іс-шара өте ұнады. Кітапхана қызметкерлері біздің студенттермен кездесулеріне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да тақырыптық іс-шараларда жүздесуге лебіздерін білдірді.
Ковалева Л.В. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының оқытушысы