«АҚТ» пәні бойынша университетішілік пәндік Олимпиада

«АҚТ» пәні бойынша университетішілік пәндік Олимпиада

Құрметті студенттер!

 

Денсаулық сақтауды цифрландыру кезеңінде медициналық білім берудің өте маңызды бағыты цифрлық дәрігерді даярлау болып табылады. Болашақ дәрігердің кәсіби құзыреттілігінің маңызды компоненттерінің бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы құзыреттілік (АКТ-құзыреттілік). Болашақ медицина маманы ақпараттық технологиялар мен цифрлық жабдықтарды қолдана отырып медициналық қызмет көрсете білуі, сондай-ақ медициналық мекеменің ақпараттық ортасында жұмыс істеуге дайын болуы тиіс.

Сіздерді «Семей медицина университеті» КеАҚ (бұдан әрі – «СМУ» КеАҚ) Семей медицина университетінің студенттері арасында медициналық білім берудің еңбек сіңірген қайраткері Женис Какенұлы Дихамбековтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша университетішілік пәндік Олимпиадаға қатысуға шақырамыз, ол 2024 жылы 2 сәуірде «СМУ» КеАҚ Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында өтеді.

Олимпиаданың мақсаты: студенттердің кәсіби және өздерінің деңгейлерін, медицинаны цифрландыру жағдайындағы шығармашылық қабілеттерін аша отырып, болашақ медициналық мамандардың IT құзыреттілік деңгейін арттыру (Ереже –Қосымша 1).

 

Олимпиаданы ұйымдастыру комитетіне құжаттарды тапсыру тәртібі

 Олимпиадаға қатысу үшін 2024 жылдың 28 наурызына дейін https://forms.gle/dAYypdZzdMEZKcmf9 сілтеме бойынша тіркелу қажет. Қосымша ақпаратты мына мекен-жайдан алуға болады: Қазақстан Республикасы, Семей қ., Абай к-сі, 103(213 каб.)

 

Олимпиада ұйымдастырушы комитеті

 Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет және қатысуыңызды қалаймыз!

Тіркелген құжаттар

АтауыСілтемелер
«Семей медицина университеті» КеАҚ студенттері арасында Женис Какенұлы Дихамбековтың 80 жылдығына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша университетішілік пәндік Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы ережесі
Жарияланды:
Оқиға күні: 02.04.2024
Рубрикалар: Конкурстар, Оқушылар