Батырларға мәңгілік даңқ: Нұркен Әбдіров

Батырларға мәңгілік даңқ: Нұркен Әбдіров

Болашақ  ұрпақ бойына патриоттық сезімді, адамдарға деген сенімді тәрбиелеу, Отанды қорғауға, азаттық үшін күрескендерге құрмет көрсету, ауыр жылдары еркіндік пен тәуелсіздікті жеңіп алған елімізге деген мақтаныш сезім деген деген қасиеттерді қалыптастыру мақсатында, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 2024 жылдың 14 наурызында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденұлы Смаиловтың жетекшілігімен, «Педиатрия» мамандығының 304 топ студенттерімен ұшқыш Нұркен Әбдіровтың 105 жылдығына арналған естелік дәріс өткізілді.

Студенттер Н.Әбдіровтың өмірбаяны мен ерліктерімен танысты. Совет Одағының Жоғары Кеңес Президиумының жарлығымен 31 наурыз 1943 жылы айрықша ерлігі мен Отанға деген құрбандығы үшін сержант Н.Әбдіровқа Совет Одағының батыры атағы берілді.

Нұркен ол кезде небәрі 23 жаста еді…

Қайтыс болғаннан кейін Ленин орденімен марапатталды.

Соғыс жылдары Қарағанды қаласының тұрғындарының жинаған қаржысына «Нұркен Әбдіров» ұшағы құрастырылып, майданда ұрысқа қатысқан авиациялық бөлімшеге тапсырылды.

Қызықты да, танымды іс-шараны ұйымдастырған оқытушымыз запастағы медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденұлы Смаиловқа үлкен алғысымызды білдіреміз!

                                    Әскери кафедраның 304 топ студенттері

Жарияланды: