Дәрігер-Ардагерлерді көктем мерекесі Наурыз мерекесімен құттықтады

Дәрігер-Ардагерлерді көктем мерекесі Наурыз мерекесімен құттықтады

«Күміс университет» жобасындағы белсенді жұмыс аясында 2024 жылдың 20 наурызында жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Шаймарданов Н.Қ., ассистент Смаил Е.М. және 603 топ дәрігер-интерндері ардагерлерді көктемнің Наурыз мерекесімен құттықтады.

Наурыз мерекесімен құттықтауларды Семей өңірінің денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосып, саналы ғұмырын медицина саласына арнаған бұрынғы дәрігерлер қабылдады.
Қазіргі уақытта еңбек сіңірген медицина саласының ардагерлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, анестезиолог Нейля Михайловна Дурнобрагова, инфекционист Азимжанова Бақыт Мұхамеджановна, лаборант-дәрігер Чан-Пин Нина Андреева, офтальмолог-дәрігер Жизневская Елена Михайловна , психиатр-дәрігер  Байворовская Нина Ивановна, медбике Каменская Ирина Николаевна.

Көктемнің келуімен құттықтаған инфекционист дәрігерлер құрметті медицина ардагерлеріне амандық пен белсенді ұзақ ғұмыр тіледі. Ал дәстүр бойынша ардагер дәрігерлерге сыйлықтарымызды табыс еттік, өйткені ардагерлеріміз үшін ең бастысы – көңіл бөлу! Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер