18 наурызда «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттері қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушылары Ж.Е. Қалбағаеваның, У.С. Самарованың басшылығымен еріктілер(волонтерлік) мен тәрбие жұмысының бағыты бойынша аудиториядан тыс уақытта «Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды қорғау орталығына» барды.
Іс-шараның мақсаты – мекеме тәрбиеленушілерін келе жатқан «Наурыз мейрамы» мерекесімен және «Игі істер күнімен» құттықтау. Аталған мекемеде орта жастағы балалар тәрбиеленуде, ерікті студенттер өз қолдарымен жасалған сыйлықтарды сыйлап, мерекелік дастархан жайды. Болашақта білім алушылардың қалаған мамандықтарын меңгеруіне жол ашылуын тілейміз!