III –Ұлттық Стоматологиялық Конгресс, пәндік Халықаралық олимпиада

III –Ұлттық Стоматологиялық Конгресс, пәндік Халықаралық олимпиада

17 наурызда 2024 ж.стоматологиялық пәндер және ЖБХ  кафедрасында Қазақстанның медициналық ЖОО стоматология  факультеті студенттерінің арасында      III – Халықаралық Ұлттық Стоматологиялық Конгресстің 2-күні  өтті. КеАҚ  СМУ емханасында терапевтік стоматология пәнінен  олимпиада өтті. Олимпиадаға қатысушылар стоматологиядан  өздерінің білімдері мен тәжірибелік икемділіктерін  көрсетті, олимпиада 3-сатыдан тұрды:  1-саты тестілеу , 2-саты ситуациялық есептер шығару(кейстер) және 3-саты  тәжірибелік бөлімде фантомда тістерді қалпына келтіру  жүргізілді.

Олимпиаданы ұйымдастырып, өткізгендер:  каф. менгерушісі Сулейменева Д.М., доцент Хайдарова Н.Б.,  асс. Сыздыкаева С.М., асс. Ахметова Г.Т., белсенділік танытқан  тәлімгерлік  608  дәрігер-интерндер  тобы.Тәуелсіз эксперттікке жоғары санатты  дәрігер-стоматологтар                 Волкова И.П., Турусбекова Д.Х. шақырылды.  Олимпиада барысында студенттердің  кәсіби, қалпына келтіру стоматологиясынан творчестволық қабілеттері айқын көрінді.Олимпиада барысында қатысушылар арасынан жақсы білімдері мен  тәжірибелік икемділік танытқан  және жүлделі орынға ие болғандар   КеАҚ  СМУ  студенттері : 1-орынды 504 топ студенті Скакова Дильназ,  2-орынды Сайлаубай Елжас, 3-орынды Сапарғали Әсел иеленді.