Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы-Қазақстандағы көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз-жаңа жылдың алғашқы күні, көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келеді. Бұл шын мәнінде жалпыхалықтық мереке, республика халықтарының достығы мен бауырластығын нығайтудың, ежелгі дәстүрді жаңғыртудың, сондай-ақ табиғат пен адам үндестігінің мерекесі. Наурыз мейрамын тойлау жыл бойына үйге молшылық пен табыс әкеледі деген сенім бар. Қазақстан халқы үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылықтың және достықты нығайтудың символы болып табылады.

2024 жылдың 18 наурызында м.ғ. д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасында Наурыз мерекесі атап өтілді. Кураторлық топ студенттері әдет-ғұрыпты дәріптейтін «Беташар», «Ерулік» туралы шағын көрініс қойып, ұлттық киім мен әшекей бұйымдарының сән үлгісін көрсетті. Мереке қонақтары болып стоматология, фармация, қоғамдық денсаулық сақтау және мейірбике ісі мектебі, әскери дайындық кафедрасы, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т. Ә. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасы келді. Қонақтарға ақ дастархан жайылып ән, биден шашу шашылды.

Мереке күні жақсы көңіл-күйде болу, барлық қиындықтар мен бақытсыздықтар оларды айналып өту үшін бір-біріне жақсы тілектер айту әдетке айналған. Баршаңызды көктем Наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Баршаңызға бейбітшілік, жақсылық, амандық және зор денсаулық тілейміз!

 

М. ғ. д., профессор С. О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұжымы.

Жарияланды:
Рубрикалар: Мерекелер