Құқық бұзушылықтың алдын алу

Құқық бұзушылықтың алдын алу

«Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасындағы тәрбие жұмысының мақсаттарының бірі – студент жастардың санасында құқықтық сауаттылықты қалыптастыру болып табылады.

Наурыз мерекесі қарсаңында 2024 жылдың 19 наурызында 4421 топ медицина мектебінің студенттерімен «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.

Студенттерге презентация ұсынылды, онда Әкімшілік және Қылмыстық кодекстердің негізгі баптары, жазалау шаралары және жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың салдары (бопсалау, алаяқтық, ұсақ бұзақылық, темекі шегу, алкоголь мен есірткіні пайдалану, жол қозғалысы ережелерін сақтау және т.б.) сияқты мәселелер қамтылды.

Әрбір студент университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті, сондай-ақ, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жағдайда жауапкершілік туралы білуге тиіс.

                                                    Әскери кафедраның аға оқытушысы

                                     запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.Матыцин

Жарияланды: