Семей қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бару

Семей қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына бару

Рухани-адамгершілік тәрбие аясында білім алушыларды волонтерлік қызметке баулу үлкен маңызға ие. Осы мақсатта 2024 жылғы 19 наурыз күні куратор доцент А. М.Токешеваның жетекшілігімен 2224 топ студенттері Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қамқорлық көрсету, көңіл бөлу, жанашырлық пен мейірімділік таныту өте қажет. Студенттер орталық тәрбиеленушілерін Наурыз мерекесімен құттықтап, сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.

 

Профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасы

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір