“Наурыз мейрамы” қарсаңында осы айтулы оқиғаға орай көптеген мерекелік шаралар өткізілуде. Қазақстандықтар Наурыз мейрамын тойлауды жалғастыруда.
2024 жылдың 18 наурызында Семей қаласының жалпы дәрігерлік практика кафедрасында «Ұлттық киім күні» мерекесіне арналған «Ұлттық киім күні» атты кураторлық сағат өтті. Ұлттық киім – тек тарих емес, қазақтардың мәдениеті. Бүкіл әлем табиғи матадан киінуге ұмтылады. Ал қазақтардың көне замандағы киімдері осымен ерекшеленді, оларда теріден жасалған бұйымдар, тон, мата, киізден жасалған бұйымдар басым көпшілігін құрайды. Киім қарапайым және әдемі ғана емес, сонымен қатар өте ыңғайлы болып келеді. Ал, жастар болмаса, ата-баба дәстүрін кім насихаттайды! Сондықтан да ұлттық киім киген тәжірибешілер мерекелік әдемі ұлттық киімдерін киіп, оның сымбаттылығы мен ерекшелігін көрсетті. Осы әдемі әдет-ғұрыптардың тарихын еске түсіріп, сол арқылы ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарын дәріптедік.
Кафедрада оқитын 6 және 7 курс ЖТД интерндеріне кураторлық сағат өткізілді, оны ұйымдастыруға 714 ЖТД тобының интерндері белсенді қатысты. Сонымен қатар, жиналғандар Наурыз мейрамының тарихынан маңызды деректермен қатар, көктем мерекесінің дәстүрлі тағамдарымен де таныстырды. Ұлттық тағамдар мен тәттілер барлығына ұнады.
Кураторлық сағат кафедра меңгерушісі, профессор А.А.Дюсупованың, кафедра қызметкерлері: Т.И.Терехованың, Т.М.Беляеваның, Г.Т.Камашеваның,Р.И.Фаизованың жетекшілігімен дайындалып, өткізілді.